Шымкент қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қала аумағына заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында 2023 жылдың 20-ақпанынан бастап “Мигрант” жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның үш тәулігінде қала аумағында шетелдіктердің болатын орындарына, жеке тұрғын үй секторлары, саяжай алқаптары және т.б. оның ішінде азаматтардың еңбегін пайдалану фактілерін анықтау барысында, Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету ережелерін бұзған барлығы – 301 шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көші-қон заңдылығын өрескел бұзған 15 шетелдік Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды.
“Мигрант” іс-шарасы ағымдағы жылдың 28 ақпанға дейін жалғасады.