18+

Түркістанда қайтарымсыз ақша алып беруге уәде еткен алаяқ ұсталды

фото: polisia.kz

Келес аудандандық полиция бөліміне жергілікті ауыл тұрғындары шағымданған. Жәбірленушілер өз арызында белгісіз біреудің қайтарымсыз ақша алуға көмектесемін деп сендірген. Анықталғандай, алаяқ олардың әрқайсысынан 50-ден 100 мың теңгеге дейін мөлшерде ақша алған, деп хабарлайды Polisia.kz

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жедел-іздестіру тобы қылмысты ашу мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қабылданған шаралардың нәтижесінде қысқа мерзім ішінде күдіктіні анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді.

Тергеу күдіктінің алаяқтық қылмысының 5 дерегіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі шамамен 400 мың теңгені құрады. Алынған ақшаны сезікті өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды. Полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.