18+

Шымкент полицейлері жоғалған баланы іздеп тапты

фото: polisia.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері жоғалған 6 жасар баланы тауып, әжесіне дін-аман табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының “102” арнасына қала тұрғыны кешкі уақытта 6 жасар немересінің “Арбат” демалыс орнында қыдырып жүргенінде аяқасты жоғалып кеткендігін хабарлап, көмек сұраған.

Бұл жайт бірден тіркеуге алынып, ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жеткіншекті іздеуге кіріседі. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде кішкентай бала небәрі 20 минуттың ішінде сол аумақтағы ойын алаңдарынан табылды.

Немересімен аман-есен қауышқан әжесі баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ізгі ықыласын білдіріп, рақметін айтты.