«Шымкентте 11 айда жіті респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) жұқтыру бойынша 32544 жағдай тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың 1,9 есе өскенін көрсетеді, деп хабарлайды Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы.
Биылғы тіркелген науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар – 24089 (74%), 15-17 жастан асқандар - 1056 (3,2%), 17 жастан жоғары 7386 (22,6%) адамды құрап отыр». Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Бекбауова Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.