Қоғам мен ұлттық құндылықтың арасында алшақтық, қайшылық болған жағдайда, адамдарға төнер қауіп қаншалықты?! Бір отбасының басындағы қақтығыс арқылы – «қоғам қақтығысына» тап болатынымыз белгілі. Қоғамды жасайтын да, қалыптастыратын да – Адам. Бірақ, жекелеген адамдар ойлап тапқан пиғыл, өзгелердің өмір талабына сәйкес пе?! Дәстүр құндылығын сақтай отырып, тіршіліктің ең қозғаушы күші – Адам тағдырына бейтарап қарауға құқылымыз ба?! Т.Джудженоглудың «Көшкін» аңызы – көне дәстүрді қолдаушы аға буын мен жастар арасындағы қақтығысты айшықтай отырып, заман ауысқанымен, «адам тағдыры», «келер ұрпақтың болашағы» - басты құндылық екеніне назар аудартады.