Өтетін орны: Шымкент қаласы, ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ТЕАТР ғимараты, Қазыбек би, 9

Автор: С. Димоски

Өтетін күні: 11-12 сәуір, 2026 жыл

Өтетін уақыты: 19:00

Тұрақ: бар

Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут

Жас санаты: 16+

 

Бұл қойылымда «Электра» көне трагедияның қайта баяндалуы емес, адам санасындағы жарақат пен жадының трагедиясы ретінде ұсынылады. Сашо Димоски Электраны кек алушы қаһарман емес, өткен қылмыстың тұтқынына айналған тұлға деп қарастырады. Оның өмірі әкесінің өлімімен тоқтап қалған, ал уақыт - емдеуші емес, қасіретті қайта-қайта жаңғыртатын кеңістік. Қойылымның басты идеясы - зорлық-зомбылықтың тоқтамайтын тізбегі. Кек әділдікке апармайды, керісінше адамды ішкі күйреуге ұшыратады. Электра мен Оресттің таңдауы моральдық жеңіс емес, адамдық болмыстың шегіне жеткен трагедиялық акт ретінде ашылады

 

Актерлар құрамы:

  1. Агемомнан- Ж. Исмайл, Ш. Зеберхан
  2. Клитемнестра – А. Жұмабай, Ә. Төреханова
  3. Электра – А. Әділгерей, А. Манап
  4. Орест – Б. Құлмамыр, Д. Сұлтанғали
  5. Эгист – Ш. Бейсенов, Е. Адильхан
  6. Ифигенея – А. Онай, М. Құттықожа