Өтетін орны: Шымкент қаласы, Қазыбек би, 9, Шымкент жастар театры ғимараты

Күні: 10-20 наурыз, 2026

Уақыт: 12:00 / 14:00

Қоюшы режиссер: Қуандық Қасымов

Ұзақтығы: 1 сағат
 

«Ұлыстың ұлы күні» - Наурыз мейрамына арналған этно-фольклорлық сахналық қойылым. Қойылымда қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері, табиғаттың оянуы, Күн мен Түннің теңелуі, жаңа жылдың келуі көркем бейнелер арқылы көрсетіледі. Ұмай Ана, Қызыр Баба, Бақсы, От Бикеш, Ақпан Тоқпан сияқты кейіпкерлер балаларды жақсылыққа, бірлікке, тазалық пен еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Ән, би, тақпақ, ойын және жұмбақтар арқылы балалардың шығармашылық қабілеті дамып, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі артады. Қойылым балабақша мен мектеп оқушыларына арналған, мерекелік іс-шараларда қоюға өте қолайлы.

Актерлар құрамы:
Ұмай ана - А. Манап,  Ә. Төреханова
Қызыр баба - Қ. Асанов, Б. Әзімжан
Бақсы - Б. Күмісбек, Е. Шегенбаев
От Бикеш - М. Майдин, М. Сапар
Жыршы Жырау - М. Мырзахан, Е. Рахыметилла
Ақпан Тоқпан -  Д. Әбдібек, Д. Истлеуов
Көк Тайынша - Н. Жұмабай, Е. Штабаев
Түн - Н. Рысдәулет, Б. Құлмамыр
Күн - А. Онай, М. Құттықожа