Өтетін орны: Шымкент қаласы, Қазыбек би, 9, Шымкент жастар театры ғимараты

Премьера күні: 30 қаңтар, 2026 жыл

Авторы: Б.Ұзақов

Ұзақтығы: 70 минут

Жас санаты: 12+

Қосымша: Мүмкіндігі шектеулі жандарға билет ақысыз түрде!

Болат Ұзақовтың «Жан дауа» драмасы - бүгінгі қоғамның ең күрделі жараларын ашып көрсететін шынайы әңгіме. 

Нашақорлық, ата-ананы сыйламау, жанұялық қарым-қатынастың күйреуі – бәрі де сахнада өмірдің өз тілінде сөйлейді. 

«Жан дауа» - жас ұрпақтың адасуы арқылы үлкен буынның жүрегін ауыртатын сұрақтарды көтеретін қойылым. 

Бұл спектакль тек көру үшін емес, ойлану үшін. 

 

Актерлар құрамы:

Әкесі - Шырынхан Зеберхан 

Анасы - Аружан Жұмабай 

Қызы - Айым Онай 

Ұлы - Ерасыл Рақметилла 

Ұзынтұра - Нұрбол Жұмабай 

Қысқа - Қанат Асанов 

Азамат - Шымболат Бейсенов 

Нұрбол - Берік Күмісбек