Өтетін орны: Шымкент жастар театры ғимараты, Қазыбек би 9

Өтетін күні: 20-31 желтоқсан, 2025 жыл

Өтетін уақыты: 11.00, 16.00

Жанры: Ертеңгілік

Жас шектеуі: 6+

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕГІ – «ҰРЛАНҒАН ЖАҢА ЖЫЛ»

Балалар мен ата-аналарды сиқырға толы мерекелік оқиғаға жетелейтін ерекше жаңа жылдық шоу!

Жаңа жылға әзірлік қызып жатқан сәтте күтпеген жағдай орын алады: тентек әрі қулыққа толы Гринч Жаңа жылды ұрлап әкетеді! Шамдар сөніп, шырша сәнінен айрылады, ал Аяз ата мен Ақша қар ізім-ғайым жоғалады.

Мерекені құтқару үшін көңілді достар бір топқа бірігеді: батыл Чики, шатақ мінезді Чача, өжет Бум Бум, мейірімді Ляля, жылдам Соник, жұмбақ Уенздей және жаңа жылдың символы – текті Жылқы.

Олар балалармен бірге қар патшалығы, сиқырлы лабиринт және музыкаға толы өткелдерден өтіп, қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындайды. Осы сапарда Гринчтің жалғыздықтан ренжігені анықталып, достар оған Жаңа жылдың басты құндылығы – сыйлық емес, достық пен жылулық екенін түсіндіреді.

Жүрегі жібіген Гринч мерекені қайтарып, сахнаға көптен күткен Аяз ата мен Ақша қар оралады. Шырша шамдары жарқырап, залды шаттық пен ертегі атмосферасы кернейді.

Актерлар құрамы:

1.Чики – Жарас Исмайлов

2. Чача – Ерасыл Штабаев

3. Бум бум – Елдос Шегенбаев

4. Ляля – Алия Тураханова

5. Гринч – Дулат Истлеуов

6. Соник – Қанат Асанов

7. Уенздей – Аружан Әділгерей

8. Аяз ата - Шырынхан

9. Ақша қар – Аружан Жұмабай

10. Жылқы – Сұлтанғали Даулет