Өтетін орны: Шымкент жастар театры ғимараты, Қазыбек би 9
Премьера күні: 5,6 қараша, 2025 жыл
Авторы: Д. Исабеков
Ұзақтығы: 70 минут
Жас санаты: 12+
Қосымша: Мүмкіндігі шектеулі жандарға билет ақысыз түрде!
Қазақ драматургиясының классигі Дулат Исабековтің «Әпке» атты туындысы – адамгершілік пен отбасы құндылықтарының мәңгілік мәнін терең ашатын әсерлі драма. Шығармада тағдыр тәлкегіне түскен әпке мен іні арасындағы нәзік сезім, бауырмалдық, мейірім мен құрбандық секілді қасиеттер көркем тілмен суреттеледі.
Басты кейіпкер - өз өмірін інісінің болашағына арнаған мейірімді, төзімді, қамқор әпке. Ол ата-анасының орнын басып, бауырын жетілдіру жолында өз бақытынан да бас тартады. Ал інісі өскен соң әпкесінің осы жанкешті еңбегін бірден ұғына бермейді. Уақыт өте келе ол әпкенің мейіріміне толы жүрегін, адамдық ұлылығын түсінеді.
Актерлар құрамы:
-
Қамажай - Мөлдір Айдарқызы - Ерен еңбегі үшін медалінің иегері, Мадина Майдин
-
Тимур - Ерасыл Штабаев, Дәулет Әбдібек
-
Омар - Шымболат Бекенов, Ерасыл Рахметилла
-
Назила - Айым Онай
-
Гаухар - Әлия Тураханова, Айжан Манап
-
Сұлтан - Елдос Шегенбаев
-
Света - Аружан Әділгерей
-
Камила - Аружан Жақымбай
-
Қабен - Мирас Мұражан, Бауыржан Сегізбаев

