Өтетін орны: Шымкент қаласы, Н.Назарбаев көш, 6. Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры

Күні: 20.09.2025 

Сағат: 18:00, 20:00

Режиссер: Серікжан Айтқали

Инсценировка: Фархад Молдағали

Көркемдік жетекші: Еламан Төлеутай

Идея авторы: Рысгүл Досжанова

Актерлар: Дархан Сүлейменов, Толқын Нұрбекова, Нұржан Асылхан, Бақытгүл Серікбаева, Балауса Сансызбай, Азамат Халық, Жанмұрат Төкенов

Сіз өміріңізде бір рет болсын уақытты тоқтатқыңыз келген шығар?..
Сол бір сәтті...
Сол бір адамды...
Сол бір «сүйемін» деген сөзді…

«Уақыт- үнсіз куәгер» - «TARMAQTAR» поэзия театрының тұсаукесер қойылымы. «Тармақтар» баспасының бестселлерге айналған «Махаббатымды жеткізетін тармақтар» және «Миледи жазған…» кітаптарының негізінде құрылған.

Бұл қойылым - махаббат пен сағыныштың, үнсіздік пен уақыттың кездесу орыны. Уақыт бәрін біледі, бірақ ештеңе айтпайды. Ал адам бәрін сезеді, бірақ айта алмайды.

«Махаббат айтылмаған сөздерден тұрады…»
Поэзияның нәзік те сұлу әлемін сезінгіңіз келсе, бұл қойылым сіз үшін!