Өтетін орны: Шымкент қаласы, ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ТЕАТР ғимараты, Қазыбек би, 9

Автор: М. Әуезов

Өтетін күні: 14, 15, 21, 22 ақпан 2026 жыл

Өтетін уақыты: 19:00

Тұрақ: бар

Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут

Жас санаты: 16+

 

Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пьесасы – қазақ драматургиясының алғашқы кәсіби туындысы және ұлттық театр өнерінің негізін қалаған шығарма. 1917 жылы жазылған бұл трагедия қазақ халқының тарихи аңыз-әңгімелеріне негізделе отырып, ескі феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын, дәстүрлі билік жүйесін, әйел теңсіздігін және махаббаттың мәңгілік тақырыбын көркемдік тұрғыдан терең бейнелейді.

Шығармадағы басты кейіпкерлер - Еңлік пен Кебек - екі түрлі рудан шыққан ғашық жандар. Олар рулық қақтығыс пен қатал салт-сана құрбанына айналады. Пьеса желісі жас жұптың адал махаббаты мен өмір үшін күресін суреттеу арқылы ескі қоғамның әділетсіз заңдарын, қатыгез билік пен көнерген дәстүрлердің адам тағдырына тигізген ауыр салдарын ашып көрсетеді.

Актерлар құрамы:

Абыз - Е. Шегенбаев,  Д. Истлеуов

Еңлік - А. Әділгерей, А. Жұмабай

Кебек - Е. Штабаев, Б. Азимжан

Есен - Ш. Зеберхан, Е. Адильхан

Жомарт - Қ. Асанов

Еспембет - Б. Күмісбек, Ш. Бейсенов

Көбей - Ж. Исмаил, Д. Әбдібек

Елік - Ә. Тураханова

Көпшілік сахна