Өтетін орны: Шымкент қаласы, Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры, Назарбаев көшесі 6
Автор: Көрерменнен келген хаттар негізінде
Режиссер: Ұжымдық жұмыс
Жанр: лирикалық-эстетикалық поэтикалық кеш
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі: 12+
Қосымша:
Сіз бір уақытқа қолыңызға қалам алып, сүйіктіңізге хат жазу туралы ойлап көрдіңіз бе? Әлде технологиялық дистанцияға қанық бұл заманда хат жазу әбестік деп ойлайсыз ба?
Бірақ әркімнің жүрегінің түкпірінде сүйіктісіне айта алмай кеткен құпия сырларының әлі де болса шаң басып жатуы мүмкін ғой… Білесіз бе, біздің гаджеттер арқылы эмоциясыз жазып жүрген қысқа хаттарымызға қарағанда өз қолымызбен хат жазудың әсері мүлде бөлек… Сенбесіңіз, байқап көріңіз! Дәл сіз үшін театрымыздың жастары еркін атмосфераға негізделген «Сезім хаттары…» лиро-эстетикалық поэтикалық кешін назарларыңызға ұсынғалы отыр.
Бірақ, ол үшін бізге сіздің көмегіңіз керек. Аталмыш жобада оқылатын хатты бізге жазып жіберуіңіз керек. Осылайша кештің басты кейіпкері сіз боласыз. Иә, иә, дәл сіздің жазған хатыңыз сахнаға шығуы мүмкін. Өткізіп алмаңыз, сізге автор болуға мүмкіндік туып тұ