Мекен жайы: Шымкент қ., Назарбаева, 6, ж. Шанин атындағы қалалық Қазақ драма театры

Авторы: Сәбит Мұқанов

Қоюшы режиссер: Ұлан Болатбек

Режиссер және композитор: Серікжан Айтқали

Қоюшы суретші: Ербол Кантураев

Жас сонаты: 14+

Жанр: драма

Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасы – махаббат атты мәңгілік тақырып арқылы қазақ халқының қилы тағдыры мен рухани жарасын тереңнен қозғайтын көркем қойылым. Басты кейіпкерлер – Бүркіт пен Бәтес – адалдық пен шынайы сезімнің жолында жүйенің қатыгездігімен бетпе-бет келеді. Сахна төрінде Бүркіттің төрт күндік соты жүріп жатқанда, залда көрермен шындық пен жалғанның жігін жүрегімен ажыратады.

Қазақы киіз үйдің көз алдыда тігіліп, кейіннен құлауы – бір дәуірдің құлауын, бірақ соның астарынан жаңғыруға ұмтылған рухтың үнін танытады. Сахнадағы үнсіздіктің өзі бұрмаланған тарихтың ашылмаған ақиқатын тілсіз жеткізеді. Бәтестің мөлдір жанары – махаббат пен мұңның қос өзегін тоғыстырған сырлы әлем. «Мөлдір махаббат» – бұл тек сезім емес, бұл – жүректі шымырлатқан сағыныш, ұмыт болған ақиқат және ұлт рухының жаңғырығы.