Өтетін орны: Шымкент қаласы, Әл-фараби алаңы 4/2
Шымкент қалалық орыс драма театры

Өтетін күні: 4 маусым 2025 жыл

Өтетін уақыты: 18:00

Авторы: У.Шекспир

Ұзақтығы: 80 минут

Жас санаты: 16+

Ұлы драматург Уильям Шекспирдің «Король Лир» тақталас тақырыбындағы трагедиясы классикаға айналған драмалық дүниелерден біздің заманымызға тән үндестік табу, қазіргі көрерменді қызықтырып, өткен күндер оқиғасынан оларға керекті мән-мазмұн іздейтін, билік пен махаббат, опасыздық пен адалдық, ақымақтық пен даналық сынды мәңгілік тақырыптарды қозғайтын шоқтығы биік қойылым.

Қойылымда адам болмысының әлсіздігі, отбасылық байланыстардың нәзіктігі, биліктің өткіншілігі және нағыз адамгершілік қасиеттердің маңызы көркем бейнелер арқылы сахналанып, көрерменді терең ойға жетелеп, адами құндылықтар туралы жаңаша көзқарас қалыптастырады.

Қойылым атын естіген адамның көз алдына бірден тақта тапжылмай отырып, халыққа қаһарын төгіп, бұйрығын орындататын патша елестеуі мүмкін. Алайда бұл қойылым сіз бен біз күткеннен өзгерек.