Өтетін орны: Шымкент қаласы, Қазыбек би 9, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимараты

Өтетін күні: 28-29 мамыр 2025 жыл

Өтетін уақыты: 19:00

Авторы: Т.Миннуллин

Ұзақтығы: 80 минут

Жас санаты: 16+

Қосымша: Мүмкіндігі шектеулі жандарға билет ақысыз түрде!

«Ах, Диляфруз, Диляфруз» атты комедиялық қойылымда жастар арасындағы шынайы махаббаттың түбінде жеңіп шығатынын сипатталады. Комедияда жас қыз Диляфруздың жүрегі үшін таласуға дайын төрт ұлттың жігіттері туралы баяндайды.

Диляфруз - сұлу және еңбекқор қыз болады. Жігіттер оған көз салса да, бойжеткен сыр алдырмай,  өзінің ғашығының есімін құпия сақтайды.

Комедия желісі бойынша басты рөлдегі Диляфрузға бір уақытта төрт жігіт ғашық болады. Бұның бәрі Диляфруз таңдауын қиындатып жібереді. Бірақ басты кейіпкер біреуге артықшылық көрсетуге, олардың әрқайсысына мұқият қарап, мырзалардың құда түсуін қабылдауға асықпайды.

Бұл комедияда бақытты күйеу жігіттің кім болатынын көрермендер де білгісі келеді.

Қойылым әзіл-қалжыңымен, тамаша әуендермен таң қалдырады.

Актерлар құрамы:

28 мамыр

Диляфруз – Құрбанай Акишева

Жәміл – Берік Күмісбек

Сажида  – Фариза Әбіл

Әмір – Жарас Исмаил

Шәкір – Шырынхан Зеберхан

Ғалым – Қанат Асанов

Ысмағұл –Шымболат Бейсенов

29 мамыр

Диляфруз – Әлия Төреханова

Жәміл – Ерасыл Рахметулла

Сажида  – Таңырыс Тоқтарқызы

Әмір – Нұрдаулет Қазыбек

Шәкір – Мирас Мырзахан

Ғалым – Даулет Әбдібек

Ысмағұл –Елдос Шегенбаев