Өткізу орны: Шымкент қ., Назарбаева, 6, Ж. Шанин атындағы қалалық Қазақ драма театры

Спектакльдің авторы:  Мар Байджиев

Премьера күні: 6, 7 қаңтар

Қоюшы Режиссер:  ҚР Мәдениет саласының үздігі Жұмабек Есімов

Қоюшы Суретші: Баубек Әшірбаев

Жанр: Комедия

Ұзақтығы: 

Жас шектеуі: 12+

Қосымша:

 

«Ана тілің – арың бұл...» Ұлттың басты айқындаушы күші – тілі..

Жаһандану кезеңі белең алған ғасырда, ұлттың болмысына төнген ең үлкен қауіп – тіл тағдыры....     Өркениеттің алғы сабында - тіршілік нөпірінде өмір сүріп жатқан қала тұрғындары күнделікті ағыммен тыстағы тіршілікті қойып – отбасылық қарым-қатынаста өзге тілді қолдануының салдарынан «мәңгүрт ұрпақ» қаулап келе жатқаны қоғамда алаңдатушылық үрейін туғызып отырғаны жасырын емес. Отан – от басынан басталады десек, бір отбасының өз тілінде тілдесе алмай, өзге тілде шүлдірлеуі неткен қасірет?! 

«Тіл табысқандар» - ауылдан келген Әпкенің, сан-алуан күлкілі жайттарға тап бола отырып ұлт болашағының бесігін тербеткелі отырған жас қыздың шұбарланған тілін – ана тіліне бұруы жайлы көңілді комедия.