Өтетін орны: Алматы қ., Конкордия студенттер театры, Бөгенбай батыр к-сі, 151

Автор: Ж. Ерғалиев

Режиссер: Phd докторы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты Е. Нұрсұлтан

Жанр: метафизикалық трагедия

Жас шектеуі: 16+

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

 

Бойжеткен Жазира беймәлім дертке ұшыраған. Осылай деп білетін, сондықтан да «жалғызы жолында жан пида», бірақ өз өмірінің мағынасы – мансабын да бір сәт естен шығармайтын әкенің қимыл-қарекеті және оның «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» ортасының «құндылықтары» – қойылымның бірінші қабаты.

Бойжеткен Жазира ешқандай да дертке ұшырамаған. Сондықтан да «денім сау, мен тек махаббатқа сенуім керек, сонда ғана барлығынан құлан-таза айығамын» деп психиатр Сәбитке ағынан жарылатын оның бірте-бірте өзгеретін психологиялық-рухани ахуалы қойылымның келесі қабаты. Спектакльдегі оқиғалар шым-шытырығы бірде ап-айқын болса, енді бірде ирреалдылық кеңістігіне шығады.

Метафизикалық трагедия махаббатсыз, имансыз, сенімнен жұрдай қоғамның қорқынышты болмысын зерделетуге бастайды.

Актерлік құрамда:

Сәбит - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Азамат Сатыбалды @azamatc

Жазира - Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Зарина Кармен @zarina_karmen

Мұхит Абзалұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбай @boranbay_a

Райбек Әлімұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Айдос Бектемір @aidos.bektemir

Сәуле - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп @dariya_jussip

Тамара - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Жанысбекова @shynar.janisbekova

Шахан Есенұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмағали Маханов @zhumagali.makhanov

Елена Жуановна - "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері Саяжан Реал-Бланко @sayazhan.dautbaevna

Полиция әйел - «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Күнсұлу Шаяхметова @kunsulu_turgynbekkyzy

Дәурен Исабеков - Асан Мәжит @assan_mazhit

Пациент - Райымбек Бекет @n.raiim