Өтетін орны: Шымкент қ., Шымкент қалалық орыс драма театры, Әл-Фараби алаңы, 4/2

Автор: Ш. Мұртаза

Режиссер: Тұңғышбай әл-Тарази

Жанр: драма

Жас шектеуі: 12+

Ұзақтығы: 2 сағат 15 минут

 

Спектакль жазушы Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі бойынша Еркін Жуасбек жазған драма бойынша қойылды.

Сонау сұрапыл соғыс жылдары майданның барлық ауыртпалығын елде бастан кешкен ауыл адамдары, соның ішінде – «халық жауы» атанып, айдауда дүние кешкен отағасының аманаты – үш балапанын қалайда аман-есен жетілдіруді мақсат еткен Айшаның отбасы бейнеленеді. Алапат соғыс, ел ішінде де аштық, шарасыздық. Жау жағадан алғанда соғыстан бой бұғып қалған қорқаулар етектен тартқылап, осы аласапыранда қарлығашша шырылдаған Айша жанталасып, тіршілік үшін күресуде. Бұл – жалғыз Айшаның тағдыры емес, ел тағдыры. Елдің өшпес өршіл рухы бұл жолы да жасампаз. Спектакль – жеңіс үшін, өмір-тіршіліктің жалғасы үшін тылда жан аямай еңбек еткен барлық Ана мен баланың, кейуаналар мен ақсақалды аталардың ерен ерлігіне тағзым.

Актерлік құрамда:

БАРЫСХАН – Елжан Тұрыс @elzhan_turys

НҰРПЕРЗЕНТ – Ермек Бектасов @ermek.bektasov.7

АЙДАЙ – «Сахнагер» Ұлттық театр сыйлығының иегері Ажарлым Мағзұм @azharlym_magzum_official ТОТИЯ – Индира Құлмағамбетова @indilek_k

ҚАМҚА – Қазақстанның халық артисі Гүлнар Жақыпова @dzhakupova_gulnara

АЙША – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп @dariya_jussip

ТАСБЕТ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жандарбек Садырбаев @svzhandarbek

ҚАЛПЕ – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмағали Маханов @zhumagali.makhanov

МҰРТАЗА – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жалғас Толғанбай @zhalgas.tolganbay

МАМАЙ – Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген артисі, Қазақстан Республикасының халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов @tungyshbayaltarazi

ХАНША – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Шынар Асқарова @shynaraskar

ОРАҚ/ҚАСҚЫР – Шерхан Пірназаров @sherhanpirnazar

НКВД – Мейрамбек Тағанов @meirambek_taganov Қ. Демеу @kasymdemeu

ЕЛІК – Зарина Каташева @__katasheva__