Өткізу орны: Шымкент қаласы, «Нұрсәт» мөлтек ауданы, Назарбаев даңғылы, 6

Режиссер: «ҚР еңбек сінірген артисі» Мұрат Ахманов.

Қоюшы суретшісі: ҚР «Мәдениет саласының үздігі», ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қарлығаш Шалабаева.

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі: 12+

«Қос мұңлық» спектаклінде қоғамдағы қарттар мәселесі терең сөз болады. Қоғамға, бала-шағаға бойындағы бар күш-қайратын сығып берген қарт кісілер неге өз балаларынан қағажу көреді? Жастар арасында маскүнемдік, нашақорлық індеті асқындап, ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын ұмытып, қатыгездікке салынуға не себеп? Қойылымның осынау ащы сұрақтардың жауабын сіздің де іштей іздеп, ойланып-толғанып шығарыңыз күмәнсіз.